Жылдың қорытындысы бойынша еліміздің нөмірі бірінші ракеткалары әлемнің 100 мықты ойыншыларының қатарына енген. Михаил Кукушкин 67-ші орынға жайғасса, Андрей Голубев 82-ші орында келеді. Қазақстанның тағы бір өкілі Евгений Королев қана рейтингте бір позиция төмен жылжыған, 329-шы орын. Әйелдер арасында Галина Воскобоева әзірге жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Индира БЕКТЕНОВА