Петропавлда волейболдан Қазақстан чемпионаты аясында жергілікті «Есіл» командасы Оралдың «Конденсатын» қабылдады. Батыс Қазақстан облысының құрамасы бірінші турдың қорытындысы бойынша көшбасында.
Солтүстік- Батыс дивизионына жататын 4 команда Петропавлда 3 күн бойы бақтарын сынайды. Бірінші күні петропавлдықтар қарсыластарына 3:1 есебімен есе жіберіп алды.
Қазір турнир кестесінің 6-шы сатысынан орын тепкен солтүстікқазақстандықтар жүлделі орыннан үмітті. Сондықтан алдағы уақытта барынша көп ұпай жинауға ниетті.
Александр Рябко, «Есіл» командасының бас бапкері:
Біз есе жіберіп алдық. Дегенмен алда әлі екі ойын бар. Тактикамызды қайта құрып, келесі ойында жеңімпаз атанамыз деп ойлаймын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ