Сочи – 2014. Қазақстаннан баратын ресми делегация 260-300 адамнан тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи – 2014. Қазақстаннан баратын ресми делегация 260-300 адамнан тұрады

14.01.2014
Сочи – 2014. Қазақстаннан баратын ресми делегация 260-300 адамнан тұрады
Сочидегі Олимпиада ойындарына  қазақстандық делегация құрамында 300 қатысушы барады, деп хабарлады ҚР Спорт  және дене шынықтыру істері  агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов  Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.
 
«Ресми делегация 260-300 адамнан тұрады. Бірінші топта ойындар өтетін жерге 150-ге жуық  адам, содан кейін қалғандары барады», — деді Е.Қанағатов.
 
Оның айтуынша, делегацияға спортшыларға Олимпиадада табысты өнер көрсетуге көмектесе алатын адамдар енгізілген.
 
«Жеңіп алған лицензиямыздың 50-пайызын психологтар, дәрігерлер, жаттықтырушылар және басқа да қажетті қызмет көрсететін адамдар алды. Олардың бірқатары квотадан тыс қалды, сондықтан да біз оларды қазақстандық олимпиадалық жанкүйерлер делегациясы құрамында жіберуге шешім қабылдадық», -  дейді ол.
 
Сонымен бірге, Е.Қанағатовтың айтуынша, Сочидағы Олимпиада делегациясының құрамында ұлттық олимпиадалық құрама, жас спортшылар, 40-қа тарта журналист, спортшылардың ата-аналары, Штаттық ұлттық команда және спорт резерві дирекциясының қызметкерлері, баспасөз орталығын ұйымдастырушылар, сондай-ақ қазақстандық спортты дамытуға зор үлес қосқан  спорт ардагерлері бар.
 
Агенттік басшысының орынбасары, жанкүйерлер құрамын қалыптастыру мәселесімен, ХОК-те тіркелген туристік компания айналысатынын айтты, ол бұл саладағы бірыңғай оператор болып табылады.
 
«Бұл компания Қысқы Олимпиаданы көруге тілек білдіргендердің өз есебінен Олимпиадаға тур ұсыну қызметін көрсетеді», - деді Е.Қанағатов.
 
Ақпараттық насихат мәселесіне қатысты айтар болсақ, Сочиде жарыстар кезінде тіркелген журналистерден басқа, Штаттық  ұлттық команда және спорт резерві дирекциясы базасында баспасөз орталығы ұйымдастырылады, журналистер сонда жұмыс жасай алады.

Хабарламаларға жазылу