Дакар-2014 раллиінің сегізінші кезеңі артта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дакар-2014 раллиінің сегізінші кезеңі артта қалды

14.01.2014
Дакар-2014 раллиінің сегізінші кезеңі артта қалды
Дакар автомарафоны Чили аумағына келіп жетті. 8-ші кезеңде жерлестеріміз 28-ші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте команда әзірге 21-ші орында.
 
Көлденең кездескен қиындыққа мойымай, одан сабақ алған экипаж тактикасын өзгертті. Енді көлікті жарыс соңына дейін жарату қажет. Бұл әрине оңай шаруа емес. Көліктің істен шығып қалмауына ешкім де кепілдік бере алмайды.
 
Ең бастысы әлі де жарыс жолында. Сайыс кезінде нәтижелерді сараптап, экипажға қажетті кординаттарды алып, тауып беру команда менеджерінің жұмысы. Анджело Суджет алты тілде еркін сөйлейді. Экипаждың әр мүшесімен емін-еркін тілдесіп, оларға қажетті барлық жағдайды жасап беруге әзір.
 
Анджело Суджет, «Татра» командасының менеджері:
Біздің командамызда Артур секілді бесаспап жүргізушінің барына қуанамын. Ол өткен жылдары «Камаз» көлігімен керемет нәтижелер көрсеткен. Енді «Татрамен» де талай бикіті бағындырады деп ойлаймын. Оның бай тәжірибесі бізге ауадай қажет. Бұл су жаңа жүк көлігі. Сондықтан, бұл Дакар біз үшін үлкен сынақ әрі тамаша тәжірибе болмақ.   
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу