АҚШ-тың Лэйп Плэсиде қаласында фристайлден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Могул жарысы бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Юлия Галышева бесінші нәтижені көрсетті.
Канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан бірінші орынды иеленді. Екінші-үшінші орындар АҚШ спортшылары Хайди Клозер мен Ханна Кирниге бұйырды.
Әлем кубогының жалпы есебін Юлия Галышева 180 ұпаймен 6-шы орынға орналасты. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова 40 ұпаймен 25-ші сатыда тұр.