«Дакар-2014» ралли-марафоны жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды. Аталған жарыс 9 мың шақырымнан астам қашықтыққа созылып, үш мемлекеттің арасын қосты.
Жол талғамайтын көліктер арасында өткен бәсекеде «Proto Overdrive» автокөлігімен ел намысын қорғаған Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко жалпы есепте 17-ші болып тіркелсе, екінші жұп Денис Березовский мен Игнат Фальков 37-орынды місе тұтты.
Ал жарыс жеңімпазы болып испандық Хоан Нани Рома атанды.
Жүк көліктері арасындағы сында қазақстандық Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек 14 орынға ие болды.