Непалдық шаңғышы Дашири Шерпа Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарында соңғы орын алатынын жасырмайды.
«Мен бұл арқылы елдегі жас спортшыларға үлгі боламын. Өйткені, Олимпиада ойындары – үлкен мереке. Спринтерлік жарысқа шыққан сәтті асыға күтемін. Непалда шаңғы тебетін орын жоқ. Бірақ жастарға барлығы мүмкін екенін дәлелдегім келеді», - дейді шаңғышы.
Дашири Шерпа қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты өз қаражатына Францияда жүргізген. Айта кету керек, 44 жастағы непалдық шаңғышының бұл үшінші Олимпиадасы. Ол Турин-2006 Олимпиадасында спринтерлік жарыс бойынша 94 және 96-шы орын алды. Ал Ванкувер-2010 Олимпиадасында 15 шақырымға созылған жекелей сында 95 шаңғышының ішінен 92-ші нәтижені көрсетті.