Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты

03.02.2014
Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты

29 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Астана арландарына» қайтып келуден бас тартты. Клубтың бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, Қанат Исламмен келіссөздер жүргізілген, алайда, боксшы кәсіпқой бокста қалу жөнінде шешім қабылдаған.
 
 «Қанатқа біздің есік қашанда ашық. Біз олармен сөйлестік. Алайда ол, кәсіпқой бокста қаламын деп шешті»,-дейді Манкенов.
 
 Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс сериясының екінші маусымында «Астана арландары» құрамының капитаны болған еді.
 
 2012 жылдан бері ол кәсіби бокста. Осы аралықта боксшы  16 жекпе-жек өткізіп, бірде бірінде тізе бүгіп көрмеген. Спортшы WBA Federcaribe нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын алған.
 
 Қанат Ислам соңғы кездесуінде доминикандық былғары қолғап шебері Базилио Силваны жеңіп, WBA рейтингісінде 110-орынға көтерілді.

Хабарламаларға жазылу