Сочиде ХОК-тың 126-шы сессиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде ХОК-тың 126-шы сессиясы ашылды

05.02.2014
Сочиде ХОК-тың 126-шы сессиясы ашылды
Сочиде Халықаралық Олимпиада Комитетінің 126-шы сессиясы ашылды. Онда осы комитеттің жаңа президенті Томас Бах сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. 
 
Бұған дейін ол Олимпиаданың ашылуы салтанатына қатысудан бас тартқан кейбір мемлекеттердің басшыларын сынға алды. «Олимпиада таза спорттық оқиға. Сондықтан, оны саяси ұпай жинауға қолданбаған жөн», - дейді Бах мырза.
 
Сочи Олимпиадасына барудан АҚШ, Франция, Германия президенттері мен Ұлыбритания премьер-министрі бас тартып, оның себебін түсіндірген жоқ. Биылғы шараның салтанатты ашылуына Елбасы Н.Назарбаев қатысады деп жоспарланып отыр. Қысқы ойындар ақпанның 7-де Сочидің «Фишт» стадионында ашылып, ақпанның 23-де аяқталады.
 
 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу