Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы құрамалар шеруі аяқталды. Олардың арасында ең көбі Ресей Федерациясының құрамасы. Бұл елден 270 спортшы бақ сынайды.
Шеруге барлығы 88 елдің делегация өкілдері қатысты. Айта кетейік, салтанатты шараны құрметті қонақ ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. Сонымен қатар, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун бар.