Әйгілі автошабандоз Михаэль Шумахердің жағдайы оңалар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйгілі автошабандоз Михаэль Шумахердің жағдайы оңалар емес

10.02.2014
Әйгілі автошабандоз Михаэль Шумахердің жағдайы оңалар емес
Әйгілі автошабандоз Михаэль Шумахер шаңғымен сырғанаудан алған жарақатынан кейін Гренобль госпиталінде екі апта уақыт бойы ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы дегенмен, спортшының оңалар түрі жоқ.
 
Бұған дейін жүйке жүйесіне жүргізілген тестік сараптама оң нәтижесін берді, деп жарияланған. Алайда, қазір спортшының сыртқы ортамен байланысы үзілген.  
 
«Bild» неміс басылымының хабарлауынша, Шумахердің қасында әйелі Коринна бар. Дәрігерлер бұл оған психологиялық тұрғыдан көмектеседі дегенді алға тартады.
 
Француздық тергеушілер спортшы жарақат алған  жерді - тау шаңғысына арналған Мерибел тас жолын зерттеген.  Алайда, зерттеу нәтижелері құпия түрде сақталуда.

Хабарламаларға жазылу