Сочи Олимпиадасында шана спортынан жекелей сында сайысқа түскен қазақстандық Елизавета Аксенова екі кезең қорытындысы бойынша 29-шы орында тұр. Оның жалпы уақыты – 1 минут 43,409 секунд.
Бірінші және екінші орындарға Германия спортшылары Натали Гейзенбергер мен Татьяна Хюфнер орналасты. Америкалық Эрин Хэмлин үшінші сатыда.
Келесі екі кезең 11 ақпан күні өтеді.
|