Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Сочидегі Олимпиада ойындарындағы қола жүлдесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Р-Спорт.
«Ванкувер Олимпиадасына әуесқой спортшы ретінде барсам, Сочиге айқын мақсатпен келдім. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері деген атақ жауапкершілікті жүктеді. Оның жүлде алады деп үміттенген жанкүйерлердің тілегі бар», - деп мәлімдеді Тен.
Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы бұл маусымдағы денсаулығына байланысты қиындықтарды да айтты.
«Мен бұл маусымға дайындық кезінде көп уақыт жоғалтып алдым. Жаттыға алмадым. Гран-При кезеңдерін бас тартуға тура келді. Дегенмен бапкерлеріме шыдамдылығы үшін алғысымды айтамын және бағдарламаны мінсіз орындағаныма қуаныштымын. Төрешілер мен көрермендер хореографиялық тұрғыда баға беру үшін әсерлі орындауға ұмтылдым», - дейді Тен.