Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы 4х10 шақырым қашықтықтағы эстафета аяқталды. Денис Волотка, Сергей Черепанов, Евгений Величко және Марк Старостин «төрттігі» бұл жарыста 13-ші орын алды.
Эстафеталық жарыста Швеция құрамасы жеңіске жетті. Олар қашықтықты 1 сағат 28 минут және 42 секундта өтті. Ресейлік шаңғышылар «күмісті», ал Франция құрамасы «қоланы» иеленді.
Қазақстандық шаңғышылар жеңімпаздардан 5 минут 29,9 секунд қалып қойды. Айта кетейік, эстафетаға құраманың көшбасшы шаңғышылары Алексей Полторанин мен Николай Чеботько қатыспады. Олар 19-шы ақпанда өтетін жарысқа дайындық үстінде.