Қазақ спортшылары қытайдың Шыңжаң жерінде өтетін Халықаралық «Хуаньта» 2014 авторалли жарысына қатысады. Бұл туралы Алматыда өткен ортаазиялық Шығыс Дакар-Хуаньта раллиінің тұсаукесерінде айтылды. Беделді сайыс осы жылдың 25 мамыры мен 7 маусым аралығына жоспарланып отыр. 14 күндік жарыс 12 кезеңнен тұрады.
Такламакан шөлінің ойлы-қырлы жеріндегі жарыс жолы 6500 шақырымды құрайды. Ақсудан басталатын ралли Хамиде аяқталады. Ұйымдастырушыларының айтуынша, жарыс бағыты Орта және Батыс Азия елдерінен Еуропаға қарай ойыспақ.
Фан Чжен, Хуаньта компаниясының бас менеджері:
Бұл жарыс Қазақстандағы автомотоспортты насихаттап, ралли әуесқойларының жарысқа деген қызығушылығын арттырады. Отандастарыңыздың жарысқа қатысуы екі ел арасындағы достықты нығайтып, жаңа Жібек жолы экономикасын құру үшін жасалған қадамға айналмақ.
Жазира ИСАЕВА
|