Бүгін Астанада еліміздің Құрлық әскерлері арасында бокстан бірінші ашық чемпионат өз жалауын көтерді. Алғаш рет өтіп жатқан жарысқа 10 команда қатысып, 8 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салуда.
Спортшылар еліміздің Шығыс, Батыс, Астана және Оңтүстік өңірлік қолбасшылығынан келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша енді осы жарысты дәстүрлі түрде өткізбек.
Сайыстың жалпы қортындысы 27 ақпанда белгілі болады.