Б.Шүменов 19-ші сәуірде жекпе-жекке шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Шүменов 19-ші сәуірде жекпе-жекке шығады

25.02.2014
Б.Шүменов 19-ші сәуірде жекпе-жекке шығады

Бокстан WBA тұжырымындағы жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов шаршы алаңдағы кезекті кездесуін америкалық Бернард Хопкинске қарсы өткізеді.

Бұл бәсеке 19 сәуірде АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. 49 жастағы америкалық спортшы IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, кәсіпқой бокста 64 жекпе-жек өткізіп, оның 54-де жеңіске жетсе, 6-да жеңілген.
 
Ал, Бейбіт Шүменов 14 кездесу өткізіп, 1 рет жеңілген. Жерлесіміз бұл жекпе жекті спорттық ғұмырындағы ең қиын кездесу болатындығын айтқан.
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу