Бүгін шет елдің дипломаттары мен еліміздің лауазымды тұлғалары шаңғыдан жарыс өткізді. Сайысты біздің Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырып отыр. Негізі Елшілер сыпайы амандасумен шектелетін, протоколмен ғана жүріп-тұратын қауым. Бүгінгі мына іс-шара сол, тым ресми қарым-қатынасты жұмсарту үшін өткізіліпті. Дипломаттар достасып жатса, мемлекеттер арасы да жыли түсетіні бар емес пе?! Сонымен, дипломаттардың жарысы қызықты өтті. Қытай, жапон, корей Елшілері барын салып жүгіргенімен соңынан келді. Ал Араб елдерінің дипломаттары тек жанкүйерлікке ғана жарады. Сайыс соңынан, біраз депутатты сөзге тарттық. Олар бір ауыздан: жарыс баршамызды жақындастыра түсті, дейді.
Марико Цунокаке, Қазақстан Республикасындағы Жапон Елшілігінің үшінші хатшысы:
Біз Елшіліктер, күнделікті өмірде араласамыз. Бірақ та осындай спортпен бірге, яғни қатысқан емеспіз. Енді, осындай шаралар арқылы елшіліктер ғана емес, бүкіл дүние жүзілік мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жақсарады деп ойлаймын.