60 жастағы қария Әлем рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

60 жастағы қария Әлем рекордын жаңартты

17.03.2014
60 жастағы қария Әлем рекордын жаңартты

Солтүстікқазақстандық Виктор Сайко 1 минуттың ішінде кір тасын 60 рет көтеріп, Әлем рекордын жаңартты. Ең қызығы, бұл көрсеткішке Сайко теңіз деңгейінен 5,5 мың метр биіктікте, яғни, Эквадордағы Чимборасо жанартауының үстінде қол жеткізді.

 
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 20 спортшы қатысса, олардың тек 12-і ғана биіктікке көтеріле алған.
 
 Виктор Сайко былтыр Ресейде өткен жарыста кір тасын 1 сағатта 932 рет көтеріп, Әлем рекордын орнатқан болатын. Жасы 60-тан асқан қарт спортшы  аптасына үш рет спорт залға барып, жаттығудан қол үзбейді.
 
Виктор Сайко, ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы:
3 рет жарыс жолына шықтық. Бірінші рет 4800 метр биіктікте, екіншісінде, 5,5 мың метр биіктікте. Ең қызығы, Экваторда, бір аяғың оңтүстік, екіншісі солтүстік жарты шарында тұрып кір көтердік. 50 адам жарысқа шыққан едік, соңынан қызығушылар көбейіп, саны 200-ге жетті. Барлық сындарда да менің бағым жанды.
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
                    

Хабарламаларға жазылу