Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы екі алтын медаль түсті. Еркін күрес шебері Расул Қалиев 57 келі салмақ дәрежесінде жеңістің ең биік сатысына көтерілсе, бүгін 48 келіде Татьяна Аманжол Азия чемпионы атанды. Ол финалда Моңғолия елінің өкілін айқын басымдықпен жеңді.
Ал 86 келіде бақ сынған Аслан Кахидзе финалда ирандық палуанға еш қарсылық көрсете алмай, күміс жүлдені місе тұтты. Аса ауыр салмақта бозкілемге шыққан Дәулет Шабанбай кола медальға ие болса.
Дәл осындай нәтижеге 61 келіде өнер көрсеткен Дәулет Ниязбеков қол жеткізді. Сондай-ақ, үміт артқан Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров бірінші белдесуде жапон палуанына ұтылып, қалды.
Индира БЕКТЕНОВА