Ирак премьер-министрі Нұри әл-Мәлики жаңадан ұлттық сенім үкіметін құрудан бас тартты. Мұны одан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри талап еткен болатын.
Себебі Америка дипломатиясы жетекшісінің пікірінше, қазіргі саяси дағдарыстан шығару үшін Иракқа барлық конфессиялар мен этностардың мүддесіне қызмет ететін министрлер кабинеті керек.
Алайда, Мәликидің мәлімдеуінше, оның үкіметі биыл демократиялық жолмен сайланды. Сондықтан, оны қайта жасақтау Конституцияға қайшы келеді.
Арыстан РЫСБЕК