Тартысты әрі қызықты өткен бәсекелердің қорытындысы бойынша бас жүлдені Сыртқы істер министірлігінің құрамасы жеңіп алса, екінші орынды «Еуропа» командасы иеленді.
Үздік үштікті әзірбайжандық футболшылар түйіндеді. Ұйымдастырушылар дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма қызметкерлерінің айтуы бойынша спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау.
Игорь Чихладзе, жарысқа қатысушы:
Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты өтіп жатқанда, осындай кішігірім футбол додасына қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Біздің команда Грузия мен Украина елшілігі қызметкерлерінен жасақталған. Жоғары деңгейде өнер көрсету үшін барымызды салдық.
Индира БЕКТЕНОВА