Нұрлан Өнербаев – «Қарағым-ай» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Өнербаев – «Қарағым-ай»

18.07.2016
Нұрлан Өнербаев – «Қарағым-ай»

Әні: Кеңес Дүйсекеев, сөзі: Шөмішбай Сариев

 

Қарағым-ай,

Сұлулық осындай болады екен,

Бір басқа армансыз қонады екен.

Адамдар өмірге қонақ екен,

Шынымен бұл дүние шолақ екен.

 

Қарағым-ай,

Еліктер осылай жосады екен,

Жолыңнан сені кім тосады екен?

Бұл көңіл неліктен босады екен?

Бұл тағдыр сені кімге қосады екен?

 

Қайырмасы:

Қарағым-ай,

Қиылып, үзіліп қарадың-ай,

Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

 

Қарағым-ай,

Бұл өмір осылай өтеді екен,

Сүймесең дүние бекер екен.

Парақтап жинасаң, бар ғұмырың

Бір сүйген күніңе-ай жете ме екен?

 

Қайырмасы:

Қарағым-ай,

Қиылып, үзіліп қарадың-ай,

Қараған қандай сұлу жанарың-ай!

 

Хабарламаларға жазылу