«Ең көп лицензияны төрт ел, атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Румыния және Мексика еншіледі. Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама ұтып алған елдердің тізімі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланған.
Ауыр атлетикадан өтетін жарысқа 64 елден 110 спортшы қатысады», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары шілденің 16-28 күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді. Бұл спорттық шараға әлемнің 204 елінен 3808 спортшы қатысады. Олар спорттың 28 түрінен бақ сынайтын болады.