Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин Дүниежүзілік Бокс қауымдастығының шешімімен шілде айның ең үздік боксшысы атанды.
Бұл атаққа Геннадий өзінің чемпиондық белдігін соңғы кездесуінде сәтті қорғағаннан кейін жетті. Айта кетейік, жерлесіміз жақында 33 жастағы австралиялық Дэниэл Гилмен кездесіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Қазіргі уақытта жерлесіміздің жеткен нәтижесі кәсіпқой бокс тарихындағы орта салмақта ең жоғары көрсеткіш.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТ