«Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар Лигасының соңғы шешуші кезеңіне өтпей қалды.
Жерлестеріміз Бухарестте өткен қарымта кездесуде жергілікті «Стяуа» футбол клубынан 2:1 есебімен ұтылды.
Ойынның 3 ші минутында есепті қарсыластар сапындағы Александр Кипчу ашса, екінші голды румыниялық шабуылшы Николаэ Станчу соқты.
Ал, 85-ші минутта ақтөбелік Тимур Кападзе есеп айырмасын 1 ұпайға қысқартқанымен, қорытынды көрсеткіш - 2-1.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ