«Бернли» - «Челси» 1:3 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бернли» - «Челси» 1:3

19.08.2014
«Бернли» - «Челси» 1:3

Ағылшын Премьер-лигасының 1-ші турында «Бернли» мен «Челси» командалары арасындағы ойында соғылған алғашқы голдың авторы алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Скот Арфилд атанды. Дегенмен, арада 3 минут өтпей лондондықтар таразы басын теңестіріп үлгерді.

Диего Коста мергендігімен көзге түссе, араға 4 минут салып Андре Шюррле Челсиді алға шығарды. Ал 34-ші минутта Бранислав Иванович Бернлидің қақпасына 3-ші голды соқты. Осы жеңістен кейін Жозе Моуриньюдің командасы турнир кестесінде көш бастады.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу