Астанада семсерлесуден дәстүрлі халықаралық турнир мәресіне жетті. Биылғы жарыс 180 қатысушының басын қосты.
Бұған дейін ел намысын халықаралық жарыстарда лайықты деңгейде қорғап жүрген семсерлесу шеберлері бұл жолы да бапкерлер сенімін ақтады.
Үш бағдарлама бойынша шеберлік байқасқандардың арасынан жекелей сында Дамир Ибрагимов, Саттархан Назарбай, Әйгерім Сарыбай және Мадина Нұғманова топ жарды.
Индира БЕКТЕНОВА