Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Туын ұстап шығады.
12-ші қыркүйек күні Алматыда спортшыға Қазақстан Туы салтанатты түрде беріледі. Инчхондағы Азия ойындарында спорттың 39 түрінен 420 қазақстандық спортшы қатысады. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Зульфия Чиншанло бар. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте 5-ші орын алған еді.
Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Лондон Олимпиадасында да екінші орын алған.