Астанада жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

12.09.2014
Астанада жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Қытайдың Нанкин қаласында тамыздың 16 мен 28 аралығында  жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындары өткен болатын.

Жеткіншектер бәсекесінде ел намысын 51 спортшы қорғап, жалпыкомандалық бейресми есеп бойынша 21 орынға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті.

Әлемнің 204 елінен 3800 спортшы қатысқан додада Қазақстан атынан 91 адамнан құралған спорттық делегация қатысты.

Олимпиаданың алғашқы күні дзюдодан 55 келіде сынға түскен қызылордалық Бауыржан Жауынтаев алғашқы алтынға қол жеткізді. Көк Туымызды көтеріп шыққын Абылайхан Жүсіпов жасөспрімдер Олимпиадасының чемпионы атанды. 

Ел құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасында 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдеге ие болып, алға қойылған мақсатты толықтай орындап шықты.

Рустам БАЙДАУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу