Қазақстандық синхронды жүзушілер Екатерина Немич пен Александра Немич Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Техникалық бағдарлама нәтижесі бойынша үшінші орында келе жатқан қазақстандық жұп бұл жарыста 167,7639 ұпай жинап, өз орындарын сақтап қалды.
Алғашқы орында 185,1851 ұпаймен қытайлық Хуан Сючень мен Сунь Вэньянь, екінші орында 181,5388 ұпаймен жапониялық Юкико Инуи мен Рисако Мицуи жұбы.
Фото: AFP