Бельгияда Арнайы Олимпиадалық Жазғы Еуропа ойындары аяқталды. Интеллектуалдық дамуы тежелген балалар арасында ұйымдастырылған бәсекеге елімізден 41 спортшы қатысқан болатын.
Олар дзюдо, баскетбол, бандминтон, бочче, велоспорт, үстел теннисі, жүзу және жеңіл атлетика сынды спорттың 8 түрінен сайысқа түсті. Нәтижесінде, жерлестеріміз қоржынымызға 12 алтын, 11 күміс, 16 қола медаль салып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Рустам БАЙДАУЛЕТ