Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан қоржынына 9-шы «алтынды» салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан қоржынына 9-шы «алтынды» салды

27.09.2014
Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан қоржынына 9-шы «алтынды» салды

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының   жеңімпазы атанды.

Ол жекелей сында 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтті.

Екінші орында - қырғыз спортшысы Евгений Ваккер. Үшінші орында – Иран өкілі Хоссейн Аскари.

Алексей  Луценко - жастар арасындағы Әлем чемпионы, «Астана» велокомандасының мүшесі.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында – 9 алтын медаль, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Ел спортшылары жалпы есепте  4-ші орында келеді.


 

Хабарламаларға жазылу