Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында еркін күрес бәсекелері басталды.
48 келіге дейін салмақта бозкілемге шыққан қазақстандық Татьяна Аманжол ынталандыру бәсекесінде түркіменстандық Маргарита Филиппованы 4:0 есебімен жеңіп, қола медальға күресуге мүмкіндік алды.
Татьяна Аманжолдың келесі қарсыласы - таиландтық Маливан Муангпор.
Айта кетейік, қазақстандық палуан алғашқы белдесуінде қытайлық Сунь Янаньнан ұтылып қалған еді.