Су добы. Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су добы. Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын жеңді

27.09.2014
Су добы. Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын жеңді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында су добы жарыстарының топтық кезеңі аяқталды.  

«А» тобындағы соңғы ойында қазақстандық спортшылар Сингапур құрамасын 20:9 (7:0, 4:2, 4:4, 5:3) есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасында ең көп голды тағы да Бранко Пекович салды.

Енді біздің құрама 30-шы қыркүйекте жартылай финалда ойнайды. Әзірге қарсылас белгісіз.

 

 

Хабарламаларға жазылу