Бүгін Азия ойындарында 1000 метр қашықтықта каноэде ескек есуден жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.
Бұл жарыста қазақстандық жұп Михайл және Тимофей Емельянов үздік шығып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Олардың нәтижесі - 3:44.936.
Екінші орынды - қытайлық Пенг Фей Женг пен Ри Вэй Ванг. Ал, үздік үштікке өзбекстандық Серік Мирбеков пен Герасим Кошнев ілікті.