Инчхон-2014. Қазақстандық екі палуан Азия ойындарының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық екі палуан Азия ойындарының финалына шықты

29.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық екі палуан Азия ойындарының финалына шықты

Инчхондағы Азия ойындарында еркін күрестен қазақстандық екі палуан жарыстың финалына өтті.

Дәулет Шабанбай жартылай финалда (125 келіге дейін) жапониялық Нобуеши Аракиданы 3:0 есебімен ұтып, «алтын» үшін ирандық Парвиз Хади Басманжбен күреседі.

Сонымен қатар, Есболат Нұржұмбаев (86 келіге дейін) тәжікстандық Бахадүр Кадировты 4:1 есебімен жеңіп, финалда ирандық Мейсам Мустафажукармен бозкілемге шығады.

Ал, Дәулет Ниязымбеков (61 келіге дейін) жартылай финалда Масуд Эсмаэльпурджойбариге (қазіргі Азия чемпионы және 2008 жылғы Әлем чемпионы) 1:3 есебімен есе жіберіп, «қола» үшін Оңтүстік Корея палуаны Сьенчул Лимен күреседі.

Фото: AFP

 

Хабарламаларға жазылу