![Су добы. Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79746.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында су добынан жарыстар аяқталды.
Финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы Жапония спортшыларын 7:6 (1:0, 3:2, 2:1, 1:3) есебімен ұтып, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Ойында ең көп голды Александр Аксенов (3 гол) соқты.
Ал қола жүлдені Оңтүстік Корея спортшыларын 14:6 (4:1, 0:2, 5:1, 5:2) есебімен жеңген Қытай құрамасы алды.
Бұл – Қазақстанның жалпыкомандалық есептегі 16-шы алтын жүлдесі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су добы. Қазақстанның ерлер құрамасы – Азия ойындарының чемпионы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/25767/)