Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында каратэ жарыстары өтті.
Қазақстандық Гузалия Гафурова финалда қытайлық Линглинг Тангты 4:3 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетейік, финалға дейін Гузалия ирандық Пегах Зангенехкаркутиді (5:2) және малайзиялық Шри Шармини Сегаранды (2:0) ұтқан еді.