Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде дзюдодан Гран-при кезеңінің екінші күні аяқталды. Әзірге, жерлестеріміз 3 жүлдені қоржынға салды.
60 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының чемпионы Елдос Сметов финалда өткен жылғы Әлем чемпионатаның күміс жүлдегерін ұтып, алтын медальға ие болды.
Күміс жүлдеге 66 келі салмақта Жансай Смағұлов қол жеткізді. Ал, Асхат Тельманов ресейлік Дмитрий Куликовті жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Астанада тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыста әлемнің 38 елінен 360 астан спортшы қатысуда.
РУСТАМ БАЙДӘУЛЕТ