Оңтүстік Кореяда самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында сынға түскен жерлестеріміз елге оралды.
Жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 8 қола медальді жеңіп алды.
Гүлфайруз Наймантаева, Назгүл Маратова және Зере Бектасқызы алтыннан алқа тақса, Айжан Жылқыбаева, Жадыра Пайыз, Ақтолқын Смағамбетова және Бағлан Ибрагим күміс жүлдегер атанды.
Тағы 8 жерлесіміз қола жүлдені қанағат етті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Бұл бұрын соңды болмаған нәтиже.
Индира БЕКТЕНОВА