Келер жылы да футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатының форматы өзгермейтіні белгілі болды. Ал, осы кезде жасыл алаңдағы тартыс әлі де жалғасуда. Бүгін екі кездесу өтті. Атырау командасы Тараз футболшыларын 3:2 есебімен ұтса, «Ертіс» пен «Тобыл» арасындағы тартысты ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Турнир кестесіне келетін болсақ. Әзірге «Астана» аяқ доп шеберлері жеке дара топ бастап келеді. Олардың еншісінде - 36 ұпай. Екінші орында «Қайрат» футбол клубы. «Ақтөбе» ойыншылары үздік үштікті түйіндеуде. Көш соңында «Жетісу» және «Спартак» командалары келеді.