Семейде қазақ күресінен Әлем чемпиондары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қазақ күресінен Әлем чемпиондары марапатталды

31.12.2014
Семейде қазақ күресінен Әлем чемпиондары марапатталды

Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов есімдері елді соңғы екі-үш жылда елең еткізді.

Абай өңірінен шыққан қос палуан да «Қазақстан Барысы» атанды.   Атағы шыққан ағаларының ізін басқан іні қарындастар да бар.

Мәселен, Зере Бектасқызы дзюдодан Әлем чемпионы атанса, Айдос Сейіпов та қазақ күресінен әлемді мойындатты. Ауылдастары төрт алыбын төрге шығарып, төбеге көтерді.

Бірнеше жылдан бері елімізде «Қазақстан жас барысы» сайысы да өткізіліп келеді.

Жасөспірімдердің арасындағы мықтыларды анықтайтын сында да, екі жыл қатарынан абайлық Қуан Барыс бас жүлдені бермеген. 

Қазіргі таңда аудан орталығы Қарауылда 400 ге жуық жас спортшы қазақ күресі және дзюдомен шұғылданады.

.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу