Қазір Дакар бәсекесінің нағыз қызған шағы. Марафонның бесінші кезеңінде ел намысын қорғап жатқан «Astana Motorsports» командасы жігіттері мотоцикл мінген қатысушыға көмектесіп, өмірін сақтап қалды.
Ұзақтығы шамамен 700 шақырымды құраған бесінші кезең Чилидің Капиопо және Антофагаст қалаларының аралығында өтті. Бәйгеге қатысушылардың бәрі бұл кезеңде Дакарға таңсық, арнайы учаскенің бір трассасында бақтарын сынаған еді. Мәреге Артур Ардавичустың экипажы кеш жетті.
Кейінірек белгілі болғандай, колумбиялық мотоциклші Матео Морено Кристиансен жерлестеріміздің көз алдында тасқа соғылып, аударылып қалыпты. Дакардың тәртібі бойынша мұндай жағдайда жарыс жолында кетіп бара жатса да, ең бірінші жолыққан экипаж жәрдем көрсетуі тиіс.
Осылайша Ардавичустың экипажы бұл кезеңді 29 қатарда тәмамдап, негізгі классификациядағы 19-шы орнын сақтап қалды.