Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімінде Қазақ елінің көк байрағын мәнерлеп сырғанау шебері Абзал Рақымғалиев ұстап шықты.
41 елден келген 700-ге жуық спортшыларға Гранада қаласының мэрі Хосе Торрес Хуртадо және Халықаралық студенттер спорты одағының президенті Клод-Луи Гальен ақ тілектерін жеткізді.
Испан халқына студенттер спортына қолдау көрсеткені үшін үлкен ықыластарын білдірді.
Индира БЕКТЕНОВА