Айыртау ауданында хоккей корты салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыртау ауданында хоккей корты салынды

13.02.2015
Айыртау ауданында хоккей корты салынды

Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге тарта хоккей корты бар. Жалпы, қазіргі күні өңірде 151 мыңнан астам адам тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысады. Осының арқасында ауылды жерлерде де спорт жанданып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары жыл санап артып келеді.

Ауылды жерлерде балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау заман талабы. Бұл біріншіден, жеткіншектердің теріс жолға түспей, бос уақыттарын пайдалы өткізуге септігін тигізеді.

Екіншіден, спортты серік еткен балалар денсаулығы мықты, әрі батыл да ержүрек болып өседі. Айыртау ауданындағы Всеволодовка  ауылында хоккей кортын салудағы да мақсат осы. Жергілікті серіктестік 1 миллион теңгеден астам қаражат бөліп, балаларға спорттық киімдер сатып әперді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу