Каталония турының екінші кезеңі мәресіне жетті.
Бұл кезеңде «Movistar» командасының өкілі Алехандро Вальверде мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші орында - Хосе Хоакин.
Велошабандоздар Матаро-Олот бағыты бойынша 191 шақырымнан астам жолды жүріп өтті.
«Астана» командасы сапынан ең үздік нәтиже көрсеткен - италиялық Давид Малакарне. Ол алғашқы ондықты түйіндеді.
Индира БЕКТЕНОВА