Бүгін футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық кездесу өткізеді

31.03.2015
Бүгін футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық кездесу өткізеді

Жолдастық кездесу болғанымен біздің команда үшін жеңіске жету аса маңызды болмақ. Бірнеше белді футболшымыз белгілі себептермен бұл матчқа қатыса алмайды.

Исландияға қарсы өткен ойында бірінші минуттан бастап алаңға шыққан Ренат Абдулин, Азат Нұрғалиев және Дәуренбек Тәжімбетовтер кішігірім жарақаттарына байланысты елде қалды.

Бұл жолы бас бапкер Юрий Кроснажан қақпаны Сидельниковқа емес Покатилов пен Плотниковтың біріне сеніп тапсырмақ.

Хабарламаларға жазылу