Максим финалда жапон палуаны Кайхан Тахагиге есе жіберді. Аса ауыр салмақтағы палуандарымыз Ержан Шынкеев пен Гүлжан Исанова қоржынға қос қола салды.
Сонымен, Азия чемпионатында қазақстандық дзюдошыларға бұйырғаны бес жүлде болды. Бұған дейін Елдос Жұмаханов пен Мариан Ордабаева өз салмақтарында үздік үштікке енген. Кувейттегі татами бәсекесі бүгін командалық сайыспен мәресіне жетеді.
Рустам БАЙДАУЛЕТ