Оған еліміздің 14 облысынан Ішкі істер басқармаларының командалары келді. Палуандардың көбі полицияның жедел әрекет бөлімінде қызмет істейтін, спорттық дайындықтары мықты азаматтар.
Жеңістің 70 жылдығына орай өткізіліп отырған бүгінгі белдесулер кезінде Республикалық құрамаға палуандар іріктеледі. Басты жаңалық - бұдан былай ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнайы жаттығу кестесіне қазақша күрес те кіретін болды.
Болат АМАНБАЕВ